Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде полиция подполковнигі мен "Хутор" бандасының басшысы делінген Хасанның бірге түскен суреті пайда болды

Желіде полиция подполковнигі Еркебұлан Сәрсенбаев пен "Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың бірге түскен фотосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желіде тараған бұл сурет Хасанның Instagram парақшасына 2016 жылы салынған. Фотоға зер салып қарасақ Еркебұлан Сәрсенбаев Хасанмен бірге Талғарда аң аулаған секілді. Себебі фотодан атқа мінгескен адамдардың суық қару арқалап алғанын байқауға болады.



Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел суретте бейнеленген полицейдің зейнетте екенін айтты. 

Ал Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, суреттегі ер адам мүлдем полиция қызметкері емес. Айтуларынша, суреттегі Еркебұлан Сәрсенбаев 2024 жылдың 21 мамырында жұмыстан босатылған. 

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Марқұмның ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті. Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Бауыржан Әленовті тағайындаған еді. Әленов 2022 жылы президент әкімшілігінің келісімімен Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалған. 

Ал 18 қазан күні Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен, Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов лауазымынан босатылды. 

Талқылау