Желіде LRT пойызының ішкі көрінісі көрсетілген видео жарияланды

Фото: Желі кадрларынан скрин
Желіде Астанадағы LRT пойыздарының бірінің ішін түсірген видео пайда болды. Пойыздың ішкі көрінісі Алматы метросына ұқсас. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоны түсірген автор өзіне алғашқы болып пойыз ішін түсіруге мүмкіндік тигенін атап өтті. Кадрларға қарағанда, пойыз Астанада жүруге дайын.
Пойыздың ішкі көрінісі Алматы метросына ұқсас, бірақ басты айырмашылығы терезеден қараған кезде қараңғы туннельдің орнына қала көрінеді.
Еске сала кетейік, қыркүйекте Астанада LRT-ның тесттік іске қосылуы өтті. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, желтоқсанның соңына, сондай-ақ қаңтардың басы мен ортасына дейін барлық пойыздар тест режимінде жұмыс істейді. Жол жүру құны шамамен 200 теңге.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен