Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Хэллоуин мерекесіне орай ұлттық киім киген қазақстандықтар үшін жанжал туды

Алматыда Хэллоуин күні қарсаңында түсірілген сурет желі қолданушылары арасында қызу талқыға салынды. Бет-аузын бояп алған жас жұп қазақтың ұлттық киімдерін киіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.

хэллоуин

Кейбір желі қолданушыларының пікірінше, Хэллоуинді мерекелегендер ұлттық киімді мазақ етіп қорлаған.

“Наурыз мерекесінде ұлттық киімді (сәнді емес) кимейді екенбіз, Хэллоуинге орай оны киюдің мүлдем қажеті жоқ. Қарапайым сыйластық қағидаларын білген жөн”, – деп жазды Жанар есімді желі қолданушысы.

Қазақтың шапанын мемлекеттік рәміздер туралы заңға енгізу ұсынылған еді. Ал мемлекеттік символдарға құрметсіздік танытқан жандар заңмен қудаланады, айыппұл төлейді.

Пікір білдірген кейбір желі қолданушылары бұл киімдердің ұлттыққа жатпайтынын, тек театр қойылымына арналып әзірленген сахналық образ екенін айтып өтті. Олар жастардың көңіл көтеруіне кедергі болмауға шақырды.

“Менің әжем ауылда туып-өскен. Оның осыған ұқсас ұлттық киім кигенін ешқашан көрмеппін. Кимешек болатын, орамал тағатын. Жастар ерекше образ жасаған екен, онда тұрған не бар? Бастысы, адамның жаны мен жүрегі емес пе? Неге “патриоттардың” бірде бірі бұрынғы заманда қазақтардың мейірбан болып, бір-біріне көмектескенін, үлкенге құрметпен қарап, кішілерді ренжітпегенін, балағат сөз қолданбағанын айтпайды? Біздің жерімізге жат елдіктерді жіберген кезде халқымыз оларға көмектескен. Үлкен бір отбасындай өмір сүрді, ешкімнің құқығын аяққа таптаған жоқ, өзге ұлт өкілдерін қорлаған жоқ. Асар деген түсінік болатын. Ал қазір ше? Ата-бабаларымыздың ізімен тек киім мен тілді қорғап қана қоймай, іс-әрекеттерімізбен еру керек деп ойлаймын”, – деп атап өтті Қарлығаш.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейдің отбасына тиісті көмек берілмеген

Некедегі азамат жасырын үйленіп, отбасынан 23 жыл қашып жүрген (фото)

Павлодарда ер адамды өлтіріп өртеп жіберген полицей 17 жылға сотталды

170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі

Талқылау