Желіде қазақ қыздарын қорлайтын сөздер айтқан шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалды: Олар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев желіде қазақ қыздары қорлайтын сөздер айтқан шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғалымжан Қойгелдиев қазір тергеу жүріп жатқанын алға тартты.
"Олар (қазақ қыздарын қорлаған блогерлер – авт.) ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар айта кетейін, біздің полиция, нақтырақ айтқанда Ішкі істер министрлігі 174-бап – “Ұлтаралық араздықты қоздыру” бойынша тергеу жұмыстарын бастады", – деді Қойгелдиев сәрсенбі күні Мәжіліс кулуарында.
Еске салайы, бұған дейін Алматыда екі шетелдік азамат қазақ қыздарға қатысты балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынған еді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"