Желіде Ерболат Құдайбергеновке ұқсас адамның ұсталған сәтінің видеосы тарады

Желіде танымал әнші Ерболат Құдайбергеновті полиция қызметкерлері ұстап, наркологиялық бөлімге жеткізгені жайлы видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 100baksoff-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрлардан ер адамды полицейлер ұстап жатқаны байқалады. Ал екінші видеода ер адам ағаштар арасынан зат іздеп жүр, сондай-ақ боғауыз сөздер айтады. Жазба авторлары бұл видеодағы адамды Ерболат Құдайбергенов деп көрсеткен.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Осы тұста Stan.kz редакциясы Ерболат Құдайбергеновтің менеджеріне хабарласты. Әншінің менеджері Айдана Ахметбек желіде тараған видео мен ондағы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты. Оның сөзінше, видеодағы адам – Ерболат Құдайбергенов емес.
“Желіде тараған ақпарат жалған. Әншінің ата-анасы оның Алматыда екенін айтып отыр. Ол кісімен 1 апта бұрын көрістік, ол кезде бәрі жақсы болған. Видеодағы ер адам Ерболат емес, ұқсамайды. Жалған ақпарат таратқандарға шара қолданамыз”, - деді ол.
Редакция полицияға ресми сауал жолдады.
Айта кетейік, Ерболат Құдайбергенов – көпшілікке патриоттық бағыттағы әндері арқылы танылған қазақстандық әнші. Әншінің танымал туындыларының қатарында “Мен қазақпын” атты әні де бар.
"Абай жолын" Абай жазды деп жауап берді": Тоқаевтың сынына ұшыраған отандық ЖИ KazLLM-нің қандай функциялары бар