“Құтырған байдың қатыны”: Желіде блогер Daricorn-нің жаңа әні сынға ұшырады
Фото: https://www.instagram.com/daricorn.rr?
Желіде “Daricorn” лақап атымен танымал әнші әрі блогер Дариға Нүркееваның жаңа туындысы жұрттың сынына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында өнер иесінің “Dari” атты жаңа әні жарық көрді. Әннің клипі әлеуметтік желілерде тез тарап, қолданушылардың пікір екіге бөлді.
Тыңдармандардың бір тобы композицияны сәтсіз шыққан ән деп бағалап, түрлі сын пікірлерін жаудырып жатыр. Көпшілігі мәтіннің тым қарапайым екенін және мағынасының таяз екенін алға тартты. Әлеуметтік желі қолданушылары тректің балаларға арналған әуенге ұқсайтынын айтып, Дарикорнның бұрын тыңдарманын бірден тәнті еткен хиттерімен салыстырғанда бұл жолы деңгейі едәуір төмендегенін жеткізген.
“Мынаның мәтінін кім жазған?”, “Дари үнгір”, “Мағынасы қандай?”, “Өзің көр енді, жас емессің”, “Даже сенің әке-шешең мені таниды деген не сөз ол! Кейінгі кездері Дарикорн ғана емес, біраз әншісымақтар қуып кеткен әндер шығаратын болып кеткен ғой”, “Дарикорнның әндері де, мәтіні де мағынасыз”, “Халықты емес, өз бас пайдасын ойлайтын санасыздар! Халыққа күн туған да көрер едім бұларды! Алла сактасын күн тумасын халқыма! Байлықтан не істейтіндерін білмей жүргендер”, “Ақшасы бар болса, қалай болса солай шығара беру керек пе?”, “Құтырған байдың қатыны”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ұтыс ойнатқаны үшін жазаланған блогерлердің есімі белгілі болғаны хабарланған еді.
Биыл Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті заңсыз ұтыс ұйымдастырған 83 адамды жазаға тартқан. Оның ішінде блогер JustKing пен оның жары Әмина, сондай-ақ Дархан Жолшыбеков бар.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік