Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында сарбаздарды прокуратура ғимаратын салуға мәжбүрлеген (видео)

Желіде сарбаздардың Атырау облысы прокуратурасының ғимаратын салуға мәжбүр болғаны туралы видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Кадрлардан әскери микроавтобустан түскен бір топ сарбаздың Атырау қалалық прокуратурасының салынып жатқан ғимаратының құрылыс алаңына кіріп бара жатқанын көруге болады. Видеодағы сарбаздардың Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметкерлері екені анықталды. Облыстық прокуратура видеоға қатысты мәлімдеме жасады. 


Байзақтағы жарылысқа кінәлі деп сотталған сарбаздар 23 миллиард теңге төлеуге міндеттелді


"Атырау облысының прокуратурасы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңның негізінде тауар-материалдық құнды заттарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментіне тапсырды. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі департаменті өткізілген жүкті тиеген. Облыс прокуратурасының ғимаратын жөндеу жұмыстарына әскери қызметкерлер тартылған жоқ", – делінген облыстық прокуратураның Курсив баслымына берген жауабында. 

Прокуратура әскерилердің нақты қандай "тауар-материалдық құнды заттарды" тасымалдағанын анықтауға уәде берді.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз полигонда бетіне оқ тиіп қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Талқылау