Желіде әлемдегі ең қорқынышты квесттен сурет тарады
АҚШ-тың Теннесси штатының Саммертаун қаласында Маккейми атты қорқыныш квестіне кіру үшін 40 беттен тұратын келісімге қол қойылады екен. Ол бойынша қатысушылар өздерін қинауға, тіпті, ойын барысында өліп кетерлік жағдайларға да рұқсатын береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл квестке екінің бірінің кіруіне рұқсат берілмейтін көрінеді. Үрей бөлмесіне кіру үшін бірнеше талаптар қойылады. Оның ішінде, еріктінің жасы міндетті түрде 21 асуы тиіс, денесі шыныққан әрі шымыр болуы шарт және медициналық сақтындырудан өту керек деген талаптар бар екен. Сонымен қатар, қатысушылар бірнеше анкетаға жауап беріп, нашақорлық тестінен өтуі міндетті.
Ең қызығы, 10 сағатты құрайты квестті өткен жағдайда 20 мың АҚШ долларын ұтып алуға болады, ал оған кіру үшін итке арналған тамақ алып келсең болғаны. Алайда, осы уақытқа дейін соңына дейін бару ешкімнің қолынан келген жоқ дейді ұйымдастырушылар.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"