Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2010 жылға дейін туғандарға 70 мың теңге беріледі": Қазақстандықтар желіде ақпаратты жарыса бөлісуде

Желіде қазақстандықтардың әлеуметтік қордан төлем алуға құқығы бар екені жазылған ақпарат тарады. Ақпаратта 1949-2010 жылдар аралығында туғандарға 70 мың теңге көлемінде өтемақы аударылатыны жазылған. Жазбада 20 қыркүйекке дейін қаржыны алу үшін сілтемеден өту ұсынылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Stopfake порталының мамандары жоққа шығарды. Айтуларынша, Қазақстанда әлеуметтік қор жоқ. Төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктеледі. Министрліктің ресми порталында алаяқтар көрсеткен белгілі бір мерзімде туғандар үшін 70 мың теңге төленетіні туралы ақпарат жоқ. 

Фото: stopfake

Жарнамаға сенім тудыру үшін алаяқтар видеода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланған. Алайда мемлекет басшысының ресми порталында жаңа төлем туралы қаулылар жоқ.



Интернетте “жоқ өтемақылар” мен төлемдер туралы ақпарат жиі пайда болады. Күмәнді жарнамаға сенбеу керек және белгісіз сайттарда жеке деректер қалдырмау керек.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейді деген жалған ақпарат тараған еді. 

Талқылау