Желді дауыл, аяз, тұман: Алдағы демалысқа ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Pixabay.com
Қазақстанда алдағы аптада аяз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Демалыс күндері Сібір аумағында орналасқан орталығы бар кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады.
Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттық бөліктер әсер етеді. Бұл өңірлерде жауын-шашын, бұрқасын, желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі, сондай-ақ көктайғақ сынды қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады деген болжам бар.
17-18 қаңтарда Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады.
Жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, қар мен бұрқасын әкеледі. Сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарыламақ. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)