Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жел күшейіп, жаңбыр жауады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын айтты

ауа райыФото: pixabay.com

Қазгидромет еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады. Республиканың көп аймағында жауын-шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклоны еліміздің басым бөлігіне өз ықпалын сақтайды. Батыста, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге нөсер жауын жауады. Елдің оңтүстік жартысының жекелеген аудандарында жоғары температура фонында найзағаймен өткінші жауын жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал. 

Температуралық фон: 



– Республиканың батысында түнде +13...+18°C, күндіз +20...+30°C;
– Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде +10...+18°C, күндіз +18...+26°C;
– Орталық облыстар мен оңтүстік-батыста аптап ыстықтың аздап төмендейтіні болжанған: күндіз +25...+33°C-тан +20...+28°C-қа дейін;
– Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +33...+38°C-тан +30...+35°C-қа дейін;
– Шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, күндіз +25...+30°C шамасында.

STAN.KZ
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 10:20
Талқылау