Жеке компания жаңажылдық кешке келмеген қызметкерін жазалаған

Тайландтағы жеке компаниялардың бірі жаңа жылдық корпоративке қатыспаған қызметкеріне сыйақы бермей, қосымша санкциялар қолданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Thaiger басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аты-жөні көрсетілмеген фирма басшылығының хаты әлеуметтік желілерде жарияланды. Хабарламада мерекелік шараға келмеген қызметкердің 50 сағаттық артық жұмысы үшін төленетін ақысынан және жылдық сыйақысынан (бонус) айырылатыны айтылған. Сонымен қатар басшылық "айыпты" деп тапқан жұмысшының 2026 жылғы жалақысын өсіруден бас тартқан.
Бұл хаттың жариялануы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Тайлықтардың көбі бұл жазаның тым қатал екенін айтып, зардап шеккен қызметкерге жұмыстан шығып кетуге кеңес берді. Сондай-ақ, компанияның корпоративке келмегені үшін жалақыға қатысты санкция қолдануға құқығы жоқ екенін атап өтті.
Кейбір қолданушылар мерекеге ескертусіз келмеуді "тәртіп бұзушылық" деп санайды. Себебі компания қонақтардың санына қарай алдын ала тамақ пен сусындарға шығындалған
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты