Депутат Қазақстанда онлайн несиеге тыйым салуды ұсынды
Қазақстан халық партиясы фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Ұлттық банкке онлайн несиеге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Депутат алаяқтардың бірнеше жылдан бері өз құрбандары туралы барлық қажет деректі тауып жүргенін жеткізді. Айтуынша, олардың деректерді қайдан алатынын уәкілетті органдар әлі анықтамаған.
"Бұл жағдай біздің жеке деректерді қорғау жүйесі әлсіз екенін көрсетеді. Кез келген сипаттағы ақпарат, ЖСН немесе биометрия киберқылмыскерлер үшін таптырмас құрал бола алады", – деді депутат.
Ол сондай-ақ Қазақстанда мұндай қылмыстар ашылмайтынын, ал жәбірленушілер алаяқтар рәсімдеген несие қарыздарды жылдар бойы төлейтінін жеткізді.
Магеррам Магеррамовтың пікірінше, электронды онлайн несиелеуге тыйым салу керек. Сонда алаяқтарға алданып несие алған азаматтар саны азаяды.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген