Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жедел жәрдем шақыру бағасы 340 теңгеден 360 теңгеге дейін көтерілмек

Оралда аулада ойнап жүріп күйік шалған 8 жасар бала көз жұмды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем шақыру тарифін 340 теңгеден 360 теңгеге дейін көтереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік бұл шараның жедел медициналық көмек жүйесінің қаржылық жағдайын жақсартуға, соның ішінде қызметкерге ақы төлеуге, көлікке техникалық қызмет көрсетуге, жабдықтарды сатып алуға және пайдалану шығындарын жабуға бағытталғанын түсіндірді.


Қазақстанда 2026 жылға арналған жаңа АЕК мөлшері бекітілді


Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақыларын көтеру қарастырылып жатыр


"Қауіпті ортада жүрудің құны бар-жоғы 160 мың теңге": Қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері жаппай бас көтерді


"Тарифтің өсуі қарапайым азаматтарға әсер етпейді. Жедел жәрдем шақырту тегін болып қалады. Бұл көмек мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі", – деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі.

Еске салсақ, Теміртау қаласының жедел жәрдем қызметкерлері Тоқаев пен денсаулық сақтау министріне жүгінген еді. Олар биліктен шектен тыс ауыр жұмыс істейтінін айтып, жалақысын көтеруді сұрады. 

Оған қоса, Талдықорғанда жедел жәрдем қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шыққан еді.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 28 Қараша, 2025 16:48