Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Ұлым маған ұқсайтын қыздарға көз салып жүр

Өзі келін түсіріп үлгермесе де, елімізде көп қызды ұзатып үлгерген әнші Жазира Байырбекова халқымыздың ұзату тойымыздың салтанатына өзге елдің қызыға қарайтынын айтты. Әңгіме той жасаудағы жағдайдың әр қилылығы емес, бабаларымыздан бері үздіксіз жалғасып келе жатқан салт-дәстүрде дейді ол.

байырбекова улым маган

Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біздің қазақтың қыздары ұзатылғанда басқа ұлттың адамдары керемет қызығып қарайды. Ол дастарханға, қымбат мейрамханаға байланысты емес. Анасының қызының басына алып келіп, кигізетін сәукелесі, қолына тағатын білезіктері қандай әсерлі. Жалпы біздің қазақтың салтына көп ұлт қызығады», – дейді әнші.

Әнші болашақ келіні жайында ойымен бөлісті.

«Байқаймын, ұлым маған ұқсайтын қыздарға көз салатын сияқты. Бір қызбен таныстым. Енді бір Алла біледі ғой, сол қызға үйлене ма әлде басқа қызға ғашық боп қала ма? Мен әлі білмеймін. Ең бастысы, мен ұлымның өзінің сүйген қызын таңдауға ерік бердім», – дейді Байырбекова ағынан жарылып.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші ұлы Қазбектің сүйіктісін көрсеткен еді.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Сүйіктім бар, бірақ тұрмысқа шығып өмірімді бұзғым келмейді

Су ішінде тамақтанған Әлия Телебарисова “мақтаншақ” деген атқа қалды

Сая Оразғалиева: Маған жамандық жасаған адамдармен енді араласқым келмейді

Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)

Талқылау