Жазираның Жанболаты енді қайын әпкесімен дуэт құрды (видео)
Өмірдегі және өнердегі жұбы Жазира аяғын сындырып алғандықтан, Жанболат оның орнын уақытша алмастыратын жанды тапты. Әнші өзінің қайын әпкесі Ләззат Байырбековамен дуэт айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын Жазира Байырбекова баспалдақтан құлап, аяғын жарақаттап алғанын хабарлады. Ал Жанболат алдын ала жоспарланып қойған концертке шығуға мәжбүр болды.
Жазираның әпкесі Ләззат үлкен сахнада алғаш рет күйеу баласымен өнер көрсеткенін айтты.
Жанболаттың айтуынша, дәрігерлер Жазираға 1 ай жұмыс істеуге тыйым салған. Соған қарағанда, Жанболат қайын әпкесімен әлі бірталай той мен концертті өткізетін сияқты.
Жіберіп алмаңыз:
Мұрат Қожа екінші әйелінен нәрестелі болды
Нұржан Керменбаев бала күнгі суретін көрсетіп, жұртты бір күлдіріп алды (фото)
Үш жасар Мирас бір жылдан бері Қайрат Нұртасты жылап іздеп жүр (видео)
Талқылау