Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Boom 0-0-24 Бөліп төлеу: Жазғы демалысқа арналған заттарды қайдан алуға болады? 

Жаз – демалыстар мен саяхат маусымы. Бұл мезгілді одан да қызықты ету үшін Jusan Дүкен Boom 0-0-24 Бөліп төлеу науқанын жариялап отыр. Оның көмегімен жазғы серуенге қажетті заттарды бөліп төлеп сату алуға болады. Материалымызда науқанның басқа да ерекшеліктері мен оның аясында не сатып алуға болатынын айтып береміз. 

29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтетін Boom 0-0-24 Бөліп төлеу  науқанының аясында Jusan Дүкенде миллиондаған тауар мен қызмет түрлерін артық төлемсіз сатып алуға болады. Мұнда электроника мен тұрмыстық техникадан бастап жиһаз, киім мен аяқ киімге дейінгі көптеген тауарларды табасыз. Оның үстіне 50 мың теңгеге дейінгі тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге алған клиенттер сатып алған сомадан 10% бонус ала алады.

Айта кетсек, науқанға қатысу үшін Jusan қосымшасын мына сілтеме арқылы өтіп, жүктеп алсаңыз болады.  

Сонымен, науқан аясында не сатып алуға болады? 

Тауға шығу

Еліміздің көп бөлігінде таулы қыраттар бар. Таудың кереметі сол, оған шығу үшін кәсіби альпинист болудың қажеті жоқ. Тек арнайы киімдермен, демалысқа арналған заттарды алу қажет. Сіз отбасыңызбен тауға шығып, оның бөктерінде қонуға жоспар құрсаңыз, сізге арнайы шатыр, ұйықтауға арналған қаптар және тамақ жасауға арналған заттар керек. Оларды дұрыс таңдай білген де жөн. Шатыр таңдау кезінде оның материалына назар аударыңыз, оның төбеден су өткізбеуі маңызды, сонымен қатар, жерден де ылғал өткізбеуі керек. Себебі қатты жаңбыр болған жағдайда су шатыр астына жиналуы мүмкін. Шатырдың бір немесе көп адамға арналған түрлерін Jusan Дүкеннен таба аласыз. Мысалы, отбасылық демалысқа арналған кең көлемді Green Way Бурабай шатырын Jusan Дүкеннен 24 айға – 11 311 теңгеден бөліп төлеуге ала аласыз. Жаздың өзінде таудың бөктері кешкі және түнгі уақытта суық болатынын естен шығармай жылы киініп алыңыз. Жайлы әрі жылы ұйықтау үшін қап алуға болады. Jusan Дүкеннен Forester PF-SB-30 қабын 3 айға – бар болғаны 5 333 теңгеден бөліп төлеуге ала аласыз.

Сейіл құру

Егер сіздің тауға шығуға мүмкіндігіңіз болмаса, қаладағы саябаққа немесе ауылдағы жасыл аймаққа отбасымен сейіл құруға болады. Таза ауада отбасымен бірге ас әзірлеп, тамақтанып, әңгіме-дүкен құрып, әртүрлі спорттық ойындар ұйымдастыра аласыз. Мұндай отбасылық жиында сізге жиналмалы жиһаздар қажет болады. Jusan Дүкенде төрт адамға арналған Green Way жиналмалы жиһазын 6 айға – небәрі 6 783 теңгеден бөліп төлеуге ала аласыз. Оның ішінде бір үлкен үстел мен төрт орындық бар. Әсіресе, қалалық жерлерде табиғат аясында тамақ жасау үшін сізге газ-плитасы керек болады. Следопыт Ultra PF-GST-IM01 жеңіл газ-плитасын 3 айға – бар болғаны 5 667 теңгеге бөліп төлеуге Jusan Дүкеннен ала аласыз.

Белсенді демалыс

Жазда отбасылық спорт түрлерімен айналысуға болады. Сіз тұратын аймақта өзен-көл бар болса, баллон қайықпен жүзуге болады. Ескек есу кезіндегі белсенді қозғалыс барлық буыныңызды қозғаса, сыңғырлаған өзен дауысы тыныштық сыйлап, айналадағы табиғатқа көз жүгірту өзіндік ләззат береді. Бұл тынығып, жаныңызды рақатқа бөлеуге арналған демалыс түрі. Екінші жағынан сіз қайықта өзіңіздің ең жақын адамдарыңызбен қатар отырып, табиғатқа ғана емес жақындарыңызға да қарап тамсана аласыз. Kolibri Z84820 үрлемелі қайығын Jusan Дүкеннен 24 айға – 20 278 теңгеден бөліп төлеуге ала аласыз. Бірақ бұл демалыс түрінде қауіпсіздікті ұмытпаған жөн. Сондықтан Jusan Дүкеннен қайықпен қоса, жүзуге арналған Jobe COMFORT BOATING үрлемелі жакетін 12 айға – небәрі 4 008 теңгеден бөліп төлеуге алыңыз.

Балық аулау

Сізге сыңғырлаған су дыбысы тыныштық сыйласа, алайда қайықпен жүзу сынды белсенді демалыс түрін ұнатпасаңыз, өзен бойына балық аулауға барыңыз. Демалыстың бұл түрі отбасы мүшелерін тыныштыққа, шыдамдылыққа және жетістікке бірге қуануға үйретеді. Қармақты суға тастап, ұзақ уақыт күтіп отырып, балық ілінген кезде бұл барша отбасын қуантады. Балалар ата-анасымен бірге қармаққа жемтікті іліп, қарғыбауды бірге лақтырып, қармақты бірге тартып, оларға жақындай түседі. Jusan Дүкеннен EastShark Archangel Feeder қармағын 3 айға – небәрі 5 838 теңгеден бөліп төлеуге алыңыз.

Үй ауласындағы демалыс

Егер сіздің жаз мезгілінде демалуға мүмкіндігіңіз болмаса, балаларыңыздың жазғы демалысын көңілді өткізу үшін өз аулаңызда оларға әртүрлі қызықты демалыс түрлерін жасап бере аласыз. Бассейн қойып, олардың жаз бойы суда асыр салып ойнауына мүмкіндік бересіз. Jusan Дүкенде бассейндердің әр түрі бар. 4 000 куб метрден артық су құюға болатын Bestway Steel Pro Max бассейні каркастан құралған. Сондықтан ол жарылып, немесе құлап кетеді деп қорықпайсыз. Балаларға арналған белсенді демалыстың тағы бір түрі аулаға батут қою. Jusan Дүкеннен алты бала емін-еркін ойнайтын Mzone 14FT батутын тауып, 12 айға – 25 657 теңгеден бөліп төлеуге ала аласыз.

Шетелге саяхат

Жазда отбасылық саяхат жасау да тиімді. Себебі үлкендер еңбек демалысын алса, балалар оқу жылындағы ең ұзақ демалысқа шығады. Жазда, әсіресе, жылы аймақтарды, мұхит немесе теңіз жағалауын таңдауға болады. Мұндайда аттракциондар мен мұражайлар, тарихи орындар ашық. Ауа-райының күрт құбылуы да сирек кездеседі. Сондықтан жаз мезгілінде жылы жаққа ұшуды жоспарласаңыз Jusan Дүкеннен тур іздеп көріңіз. Мұнда 6 мемлекетке тур табуға болады. Мәселен, Черногорияға саяхаттайтын тур бір адамға 427 270 теңге болса, оны 24 айға – 27 075 теңгеден бөліп төлеуге ала аласыз.

Айта кетейік, біз жоғарыда көрсеткен тауарлардың басым бөлігін сіз бірнеше жыл бойы қолдана аласыз. Биыл бір рет алып қойсаңыз, жыл сайын отбасыңызбен осы демалыс түрлерін өткізу мүмкіндігін аласыз. 

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. №1.2.35/225/37 лицензиясы.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Мамыр, 2023 13:49
Талқылау