Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауқазынды туберкулез бен дененің сарғаюына қарсы ем ретінде қолданады

Жауқазын – ұзақ жылдық ұсақ шөп тектес өсімдік. Көктемде ерте шығады. Биіктігі 5-30 сантиметр. Шар формалы. Жер асты сабағының сыртында қоңыр түсті перде тектес қабыршақтары бар.

poezia-1-1

Жер үсті сабағы тік, бұтақсыз болады. 2-3 жапырағы сабақтың түп жағында өседі. Жіңішке ұзын таспа тәрізді түзу жүйелі, бүтін жиекті жапырақ түбі созылмалы болады. Қауашақ жемісі ұзын, дөңгелек формалы, үш қырлы келеді. Тау беткейлері мен егістіктің араларына өсіп шығады.

Ем болатын аурулары: Асқынған шиқанға, лимфа туберкулезіне және дененің сарғаюына қолданылады.

1. Тамақ бездері қабынғанда, 15 грамм жауқазынды қайнатып ішеді.

2. Ісік пайда болғанда, жауқазынды жаншып, шыққан нілін жараға жағады.

Пайдалану мөлшері: 3-6 грамнан аспауы керек. Құрамында спирттік ішімдік, крахмал бар. Жауқазынның азырақ уы болады. Сондықтан пайдаланғанда абай болған жөн. Уланудың белгісі – жүрек айнып құсады, дене қызады, тамаққа тәбет тартпайды. Мұндай жағдайларда дәрі ішуді тоқтатқан жөн, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Түрлі дертпен ауыратын жандар қандай тағамдар жеу керек

Бетіңізге түскен әжімдер арқылы қай мүшеңіз ауыратынын біле аласыз

Шығыс-тибет медицинасының жетекшісі әр күнге арналған пайдалы 10 кеңесін ұсынды

Ғалымдар науқастарға әйел-дәрігерлерге қаралуға кеңес береді

Талқылау