Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауын-шашын, найзағай": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: freepik.com

Қазгидромет алдағы 21-23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы мерекелік күндерде елдің кей аумақтарында жауын-шашын болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің болжамынша, кейбір күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі болжанған.

“Ал елдің оңтүстігінде күндізгі сағаттарда найзағай болады. Республика бойынша тұман және көктайғақ болжануда. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі”, – делінген хабарламада. 



Күндізгі ауа температурасы:

  • батыс өңірлерде +12 , +17°С дейін,
  • Маңғыстау облысында +18, +23°С дейін,
  • солтүстік және республиканың орталық бөлігінде +3, +8°С шамасында,
  • Ұлытауда +15, +20°С дейін,
  • шығыста +5,+15°С,
  • оңтүстікте +20, +25°С,
  • оңтүстік-шығыста +15, +23°С дейін көтеріледі.
STAN.KZ
Жұма, 20 Наурыз, 2026 14:42