"Жауын-шашын, көктайғақ болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 16-18 қарашада елдің көп аймақтарында қар жауып, боран болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның батысына, солтүстік-батысына және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батысына циклон әсер етеді. Осыған орай елдің батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады. Ал солтүстік-батыста және солтүстікте боран болып, қар жауады.
Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Республика бойынша тұман болып 15-25 м/с жел соғады.
Қазақстанның батысында температуралық фон күндіз 2, -10 градусты, солтүстік-батысында 5, -5 градусты, солтүстігінде, шығысында және орталығында 5, -2 градусты, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градусты көрсетеді.
Талқылау