Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауын-шашын, боран, көктайғақ" : Синоптиктер еліміздің барлық аймағына дауылды ескерту жасады

Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік циклон болатынын айтып, дауылды ескерту жариялады. Кей аймақтарда жол қозғалысы қиындайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com 

Синоптиктер болжамынша ел аймақтарында қар жауады, ал батыс және оңтүстік аймақтарда жаңбыр, қарлы боран мен көктайғақ болады.

Қызылорда, Қостанай, Жетісу облыстарында 9 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, екпіні секундына 15-20 метр.

Ақмола облысында желдің екпіні 23-28, кейде секундына 30 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады. 10 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Боран, көктайғақ болады.

Абай облысында да қарлы боран, көктайғақ болмақ. Жел оңтүстік-батыста, батыста, солтүстікте, облыстың орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ал Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарында қарлы боран, көктайғақ күтіледі. Секундына 15-20 метр жел болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында  - 9 қарашада түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысы - 9 қараша күні түстен кейін облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төмен қарлы боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр.

Алматы облысында оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.

ҚазАвтоЖол Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының 480-557 шақырым аралығында (Көлбай ауылынан Үшарал қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылатынын жеткізді.   

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 09 Қараша, 2024 07:06