"Жауын мен көктайғақ": Қазақстанда алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болатыны айтылды
Қазгидромет Қазақстанның мегаполистеріне 2-4 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: 04.mchs.gov.ru
Астана
2 наурыз күні елордада ауа райы құбылмалы болады. Бұлт басып, тұман қаптайды. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 5-7 градус аяз болады.
3 наурызда бұлтты, жауынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 2-4 градус аяз.
4 наурыз күні бұлт торлап, өткінші қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 9-11 градус аяз.
Алматы
2 наурыз күні бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман басып, жол көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады.
3 наурызда бұлт басып, күндіз жаңбыр (жаңбыр, қар) жауады. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.
4 наурызда бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жаңбыр жауады. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстіктен жел 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.
Шымкент
2 наурыз күні бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде тұман торлап, ауа температурасы түнде 1 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болады.
3 наурызда бұлт басып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 0-2 градус аяз болады.
4 наурыз күні қаланы бұлт торлап, түнде қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз болады.