Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауапкершілік тек ата-аналарда": Оқу-ағарту министрлігі Жітіқарадағы бес баланың қазасы туралы

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова балаларға қатысты қайғылы оқиғалар үшін ата-аналары жауапты екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ

Мәжіліс отырысында комитет басшысы кей ата-аналардың салғырттығынан балаларда осындай қайғылы жағдайлардың болатынын айтты.

"Өкінішке қарай, ата-аналардың салғырттығынан балаларды қараусыз, назардан тыс қалдырған. Үйден салқынқанды түрде шығып кеткен жағдайлар осындай қайғылы оқиғаларға алып келеді. (...) Әсіресе, бес бала қаза тапқан отбасы туралы айтсақ, мұнда жауапкершілік тек ата-аналарда", – деп мәлімдеді Насымжан Оспанова.



Еске салайық, 11 қазанда Қостанай облысы Жітіқара қаласында қараусыз қалған бес бала өрт болып, үйдің төбесі құлағанынан қаза тапты. 2011 жылы туған үлкен бала зардап шеккен жоқ. Бас прокурор қылмыстық іс бойынша тергеу барысын өз бақылауына алды. Қостанай облыстық прокуратурасының Buzyq Telegram арнасына берген жауабында өрт кезінде қаза тапқан балалардың анасы 5 жылдан 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан. Қазір қылмыстық кодекстің “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Талқылау