Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4000 теңгеге жасанды түсік: Жүктілікті тоқтатын дәрілер базарда қолжетімді бағада сатылады

Үй жағдайында жасанды түсік жасау қауіпті, сондықтан қаламаған жүктілікті тек қана дәрігерлердің бақылауымен үзген жөн. Дегенмен көптеген қыздар жасанды түсікті гинекологтың көмегінсіз жасаудың әдстерін іздейді. Stan.kz журналистері мұндай әдістердің біріне айналған дәрілерді алматылық барахолкадан қолжетімді бағада тауып алды. 

Жасанды түсік жасату үшін ішілетін «қытайлық дәрілер» контрабандалық жолмен келеді

Дәрі-дәремектің күшімен жасанды түсік жасаған қыз-келіншектердің көбі бастарынан кешкен оқиғаларын естеріне алып, ашық айтқылары келмейді. Бұл дәрілерді қабылдағандардың біреуінің денсаулығына ешқандай кінәрат келмесе, екіншілері өмір бойына ана атану мүмкіндіген айырылады.

Алматының мектептерінің бірінде қазақ тілі және әдебиетінен мұғалім болып жұмыс істейтін келіншек тұрақты контрацептивтерге жүгінбей, құрсағына бала біткен сайын, арзан дәрінің көмегімен жасанды түсік жасатуды әдетке айналдырған. Тіпті, айтуынша, қалыпты процедураға айналған. “Денсаулығыма ешқандай зардабы болмады. Осымен 10 шақты рет көмегіне жүгіндім”, – дейді ұстаз.

«Қытайлық дәрі» арқылы жүктіліктен арылған алматылық келіншек артынша денсаулығына еш зиян келмегенін айтып, қуанышына орай бұл жағдайдан кейін ол тағы бала көтеру мүмкіндігіне ие болып, бүгінгі таңда екі баланың анасы атанған.

Оның айтуынша, жасанды түсікті дәрігерлердің рұқсатынсыз үйде ішкен. Тағы бір қызығы алматылық әйел Зүлфия жүктілікті тоқтату туралы шешімді жолдасымен бірге қабылдаған. Студент кездерінде отбасын құрған олар, оқуды бітіріп алуды ұйғарып, жасанды түсік жасатқандары туралы тіпті ата-аналарына да айтпаған екен.

«Мен бірінші балама аяғым ауыр болып қалған кезде жасым небәрі 18-де еді. Енді ғана бірінші курс оқып жүргенмін, күйеуімнің жасы 19-да болатын. Жас болған соң ба, дәрігерге баруға қорықтық. Осылайша елден естуіміз бойынша базардағы «қытайлық дәрілерді» сатып алуды жөн көрдік. Ол жылдары ондай дәрілер дәріханаларда ресми сатылмайтын. Сондықтан барахолкада қытай заттарымен бірге сатылатын жерден алдық», – дейді Зүлфия.


Тағы оқыңыз: Аборттан кейін қандай асқынулар болуы мүмкін 


Оның айтуынша, «қытайлық дәрілерді» сатып тұрған сатушылар оны қабылдау туралы нұсқауларды айтып беретін көрінеді.

«Сатушы қалай ішу керектігі туралы нұсқауларды берді. Сол нұсқаулар бойынша алты түйірден тұратын дәрінің үшеуін бірінші күні үш уақыт іштім. Қалған үш түйірін үш күн бойы бір данадан іштім», – дейді ол.

Жанама әсерін сөз қылған ол дәріні қабылдаған кезде қатты ауырғанын жеткізді. Тіпті тұра алмаған күндері болған екен.

«Негізі ол дәрілерді үйде жатып ішкен дұрыс. Өйткені қатты ауырасың, тұра алмай қалатын кездерің де болады. Ал әсеріне келетін болсақ, әркімге әр түрлі шығар. Көп қан кеткен жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралған дұрыс. Мүмкіндік болса, қан әбден кеткеннен кейін УЗД-ге түсу керек. Өзіме келер болсам, иммунитетім жақсы болғандықтан шығар, тез айығып кеттім. Артынша екі баланы дүниеге әкелдім», – деп ағынан жарылды.

Алайда дәріхана қызметкерлерінен жағдайды анықтап көргенде, бұл дәріні ішкендердің барлығы бірден айығып кетпейтіндігін білдік. Ал гинекологтардың айтуынша, кейбіреулері осы дәріні қабылдаймыз деп өмір бойы ана атану мүмкіндігінен айырылған сынды. Әрине, ол қыз-келіншектер басынан өткен қайғылы жағдай туралы айтудан бас тартатын шығар.

Қалалық фармацевтердің бірі жасанды түсікті дәрі арқылы жасату тек дәрігерлердің тағайындауы бойынша болу керек. Оның өзі жүктіліктің әйел адамның өз денсаулығына зиян келтірген жағдайында, немесе ішке біткен балада белгілі бір патология болған кезде ғана беріледі.

«Дәріханаларда жүктілікті тоқтатуға арналған дәрілерді сатуға ресми рұқсат жоқ. Демек, әркім өз бетінше ол дәріні қабылдай алмайды деген сөз. Бірақ дәрігерлердің нұсқауымен жүктілікті тоқтату кезінде әйел арнайы ауруханаға жатқызылып, мамандардың қадағалауымен дәрі ішу арқылы жасанды түсік жасатады. Әрине, бұл ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі: балада патология болған кезде немесе жүктітіліктің әйел денсаулығыны белгілі бір  зиянын келтірген кезде», – дейді фармацевт Толқын Қалипанова.

Ал гинекологтардың айтуынша, мұндай қадамға барардың алдында жүктіліктің жатырдан тыс емес екенін анықтап алу қажет.

«Жасанды түсік жасататын адам дәріні алардан бұрын оның сертификатталғанын тексеруі керек. Тіпті түсік жасату туралы нақты шешім қабылдағанның өзінде, жүктіліктің жатырдан тыс емес екеніне көз жеткізу керек. Егер жатырдан тыс болған жағдайда ол дәрілерді қабылдауға болмайды», – дейді Құрманғалиева Сауле, жоғары санаттағы гинеколог.

Сонымен қатар, дәрігер жоғарыда айтқандай түсік жасату туралы нақты шешім қабылдағанның өзінде міндетті түрде маманға қаралып, дәрілерді рецепт бойынша алу керектігін айтады.

«Маманға барып УЗД-ге түсіп, жүктіліктің мерзімін есептетіп, дәрігерге қаралған соң ғана арнайы рецепт бойынша жүктілікті тоқтататын дәрілерді қабылдауға болады. Оның өзінде дәріні тек амбулаториялық жағдайда ішуге рұқсат етіледі», – дейді дәрігер.

Бұдан бөлек Сауле Төлегенқызы қандай жағдайларда дәріні мүлде қабылдауға болмайтынын айтты.

«Егер әйелдың қаны аз болған кезде бұл дәрілерді мүлде қабылдауға болмайды. Екіншіден, қыз балада алғашқы жүткілік болса, алдымен ол өзінің қанының резус-факторын анықтауы қажет. Резус-факторы теріс болған жағдайда антирезустік сарысу салу керек. Ескеретін жайттар өте көп. Сондықтан базардан барып, белгісіз дәріні ала салып іше салатындай тауда өмір сүрмейміз. Қазір тас ғасыры емес», – дейді дәрігер.

Осы себептер бола тұра ішкен жағдайда гинекологтың айтуынша, жатырдан тыс жүктілік отамен аяқталады. Ал қан аздықтан зардап шегетіндерде артық қан кетіп, жалпы иммундық жүйесі бұзылады.

«Іште баланың қалдығы қалып кетсе, жатыр қуысын қыруға тура келеді. Одан кейін бедеулік пайда болады. Көптеген факторлар әсер етеді. Мен өз басым ондай дәрілерге қарсымын. Өйткені олардың қандай жолмен алынғандары да белгісіз. Мүмкін күнде немесе сыз жерде тұрып қалған шығар. Сондықтан оларды барахолка сияқты базарда сатуға мүлде болмайды. Ол дәрілердің контрабандалық түрмен келуіне жол бермеуіміз керек», – дейді Сауле Төлегенқызы.

Бүгінгі таңда бұл дәрілердің қаншалықты сұранысқа ие екендігін білу үшін Алматыдағы барахолка базарына барып көрдік.

Ондағы «Кенжехан» базарындағы қытайлық заттар сататын сатушыдан жүктілікті тоқтатуға арналған дәрінің бар екенін сұраған бізге бірден бағасын айтып жауап қатты. Айта кетсек, олардың құны 4000 теңге екен. Сөреде жоқ дәріні басқа жерден әкеп көрсетті. Сонысына қарағанда ашық түрде сатпайтындары анық. Тек сұраушыларға ғана көрсетеді. «Қытайлық дәрінің» екі түрін көрсеткен сатушы оны қалай қабылдау керектігіне дейін түсіндіріп берді.

«Таңғысын аш қарынға бір дана дәріні ішу керек, кешке тағы бір түйірін. Үш күн қатарынан алты түйірін ішесіз. Ал дәрінің екінші түрін төртінші күні бірден үш түйірін ішесіз», – дейді сатышу ер азамат.

Қай жақтан әкелесіз дегенге Қытайдан екенін ғана айтып, ешқандай компаниянікі емес екендігін жеткізді. Ал жанама әсеріне қатысты жүктіліктің мерзімі аз болған жағдайда түсік тек 2-3 күндері болуы мүмкін дейді. Әрі әркімге әр түрлі әсер беретінін айтқан жігіт жағымсыз жағдайлар үшін жауап бермейтінін айтты. Дегенмен, дәрігерлердің бұндай заттарды ішуіне рұқсат бермейтінін біледі екен. Тіпті мамандардың рецепт бойынша беретін дәрілерінің қымбат тұратынын да айтып қалды.

Қорытындылай келе, сатушылардың бұл «дәрілерді» сатуға рұқсаттары жоқ, алайда сұраныс жоғары болғандықтан жасырын түрде сататындары анық. Сатушының сөзіне қарағанда дәрі келтіретін зиян мен қауіпті біле тұра қыз-келіншектер оны алады.

2017 жылғы статистика бойынша Қазақстанда 30 мыңға жуық жасанды түсік жасатқан. Ал аймақтар бойынша бірінші орында тұрған Алматы қаласының көрсеткіші – 3720. Бұл жасанды түсіктердің тек ресми тіркелген саны ғана.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

 

Талқылау
Пікір
маия
15 Там, 23 жыл - 13:01

дари бар 87774519012

375337
15 Шіл, 22 жыл - 12:45

Калай алсак болады дарини ,калай заказ етсек екен 

726010
11 Қаң, 20 жыл - 21:50

Кешириниздер дарини калай алдыруга болады 

маия
15 Там, 23 жыл - 13:01

дари бар