Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаттығу залында "Балқадиша" әнін айтқан жас дзюдошының кім екені белгілі болды

Фото: Видеодан скриншот

“Балқадиша” әнін айтып қазнетті шулатқан жас дзюдошының кім екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат ақпарат 24kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаттығу залындағы үзіліс кезінде "Балқадиша" әнін айтқан жас дзюдошы желі жұлдызына айналған еді. 

14 жастағы Иса Бекболат – Атырау өңірінің тумасы. Жасөспірім бала дзюдомен айналысады. Оның шырқаған әні бір күнде миллионнан астам қаралым жинаған. Оған жаттықтырушысы “Егер жеңіліп қалсаң, ән айтып бересің” деп әзілдеген. Ол қарсыласынан жеңіліп қалып, ән айтып, желі жұлдызына айналды. 

“Мен спорт пен шығармашылықты қатар дамытқым келеді. Болашақта менің мамандығым екеуіне де қатысы болмаса да, спортты тастап кетпеймін. Жақсы оқып, бәріне үлгеруге болады”, – дейді Иса. 

Сондай-ақ Иса көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесінің сөзінше, үйде де ән салатын көрінеді.

“Баламыздың видеосы таралып кеткенде өзіміз де таңғалдық. Басында баламыз үшін қатты қорықтық. Өйткені ондай назар аударуға үйренбедік. Кейіннен қорқынышымыз басылды”, – деді әкесі.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 11:36
Талқылау