Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жатын бөлмеме рұқсатсыз кірмеңдер" деп ұрсамын": Ләйлә Сұлтанқызы ұл тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті

Танымал журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірім шақтағы ұлдарының тәрбиесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

БАҚ өкілі ана мен баланың қарым-қатынас пен тұлғалық тұрғыда бөлінуін талдап берді. 

“Психологиядағы “сепарация” сөзі – бөліну. Бұл баланың ата-анасынан бірте-бірте дербес және тәуелсіз тұлғаға айналу процесі. Дайын интернеттен алынған мәлімет. Осыған қатысты жасөспірім екі ұлдың анасының ойы мен пікірін жазып шықтым. Дер кезінде түсіну, бөліну, жіберу, босату болмаған соң, біз көп жағдайда өмірімізді оларсыз елестете алмаймыз”, – деп бастады әңгімесін журналист. 



Сондай-ақ медиа маманы шетелдегі ана мен баланың бөліну процесі қалай жүретінін айтып берді. 

“Ұлдарыма “жатын бөлмеме рұқсатсыз кірмеңдер” деп ұрсамын. Шетелде 18-ге толғанда баланы үйден қуып жібереді екен. Өз күнін өзі көрсін, жеке тұлға болып қалыптассын деген түсінік бар. Сонда қалай деп ойланып қалғанымыз рас. Түсіндірейін: Балаларымыз өз өмірі, оны өздігінше қабылдайтынын, қарсылық білдірсе, оны қалыпты жағдай екенін түсінуіміз керек. Біз әперген киімді кимейтінін, біз айтқанды жемейтінін, біз қалаған шаш үлгісін таңдамайтынын ұғыну керек. “Өзім білем” деген сөз білмесе де айтыла салатын сөз екенін, Анашым, бос емеспін, сосын хабарласамын дейтінін, бізді асырауға міндетті емес екенін түсіну керек. Ата-аналар соны қабылдап, 18-ге келгенде өз еркіне босата аламыз ба?! Босата алмасақ, оны мойындап, босатудың жолдарын кімнен сұрап, қайдан білеміз?”, – деп жазды журналист. 

Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы 31 ананың сәбилі болуына қалай көмектескенін айтып берген еді. 

Талқылау