AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жастарды қынадай қырып тастағандар жазасын алсын": Жамбылдағы жарылыстан қаза болған әскерилердің туыстары наразылықтарын білдірді

Байзақтағы әскери бөлімде болған жарылыстан бері 21 күн өтті. Бірақ өрт сөндіруге алғашқылардың бірі болып аттанған әскери бөлім қызметкері Бауыржан Дәуітбаевтан әлі хабар жоқ. Әскери бөлімнің есігін күзетіп, полицияның табалдырығын тоздырудан қажыған Бауыржанның ата-анасы мен жақындары полиция әскери бөлімнен тыс жерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ деп наразылық білдірді. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап хабарлайды.

жамбыл сарбаз

Апат кезінде бауырынан, баласынан, жақынынан айырылған жандар, "жарылыс кезінде өрт сөндіруге бұйрық беріп, жастарды қынадай қырып тастағандар өз жазасын алсын" деп талап етуде. 

"Ешкім сұрамайды, не жағдай болып жатқанынан да ешкімнің хабары жоқ. Көрінбейді. Кеше бір орыс қашып еді, бүкіл полиция болып іздеді. Ал менің баламның жоғалғанына 20 күн болды, әлі таппай жатыр", – дейді Бауыржан Дәуітбаевтің әкесі Талғат Дәуітбаев.

Ал анасы Фәтима Ағыбетова болса ұлының халықты қалай аман алып қаламын деп жүріп өзі жоғалып кеткенін айтады.

Жарылысқа жақын маңда орналасқан шаруашылықта мал ұстайтын отбасының адамы, "әскери киім киіп, басын төмен салбыратқан күйі жарылыс болған жерден келе жатқан бір адамды көрдім" дейді.

"Тек футболка және шалбар етігін ғана көрдім. Біздің үйдің жанынан байқадым. Үйдің ішінен көріп қалдым да сыртқа шықсам, алыстап кетіпті", – дейді Гүлсім Әбілдаева.

Жамбыл облыстық полиция департаменті наразылығын айтып келген халыққа жауап берді.

"Тікұшақ беріліп жатса, мәселені шешеміз. Қандай жерге бару керек екендігін анықтаймыз", – деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов.


Жамбылдағы жарылыс: Тоқаев қаза тапқан құтқарушылар мен әскерилерді марапаттады


Жиналғандар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығынан да жарылатын аймақтағы өртті сөндіруге кім бұйрық берді деп бас салып сұрақтың астына алды.

"Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы бар. Біздің жеке құрам да барып өшірді. Жалынды өзіңіз де көріп тұрсыз ғой, артқа қайтыңдар деп әскерилердің өздері айтуы керек еді", – деп жауап берді Жамбыл облыстық ТЖД бастығы Ермек Момбаев.

5 күн бұрын жарақаты ауыр өрт сөндіруші Жәнібек Тұрманов қайтыс болды. Марқұмның  бауыры соңғы сәттерінде інісімен тілдесіп қалған екен.

"Оның сөйлесуге басында шамасы келмеді. Мені көріп қуанды. Саған хабарласа алмадым деді. Олар өртті сөндіруге кіріспей тұрып, бұған кімнің жауапты екенін сұрайды. Сөндірушілер снаряд бар ма деп сұрағанда, ол химикат деген. Ал екінші рет сұрағанда, түтіндету құтысы деп айтқан", – дейді Жәнібек Тұрмановтың ағасы Нұрсұлтан Исмаилов.

Жәнібектің ағасы інісінің екі арманы болғанын айтады. Бірі офицер болу, ал екіншісі баспаналы болу екен. Енді қазір отаны үшін опат болған бауырына офицер шені берілсе екен дейді ол.

"Арманы оифцер болу еді. Биыл Санкт-Петербургтегі оқуын аяқтаған болатын. Өз жұмысын ерекше жақсы көретін. Баласы да өзіне ұқсағанын қалады", – дейді Жәнібек Тұрмановтың әйелі Салтанат Данаева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр