Жамбылдағы жарылыс: Тоқаев қаза тапқан құтқарушылар мен әскерилерді марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс кезінде қаза тапқан құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
І дәрежелі Айбын орденімен:
- Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі №28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
- Заикин Сергей Владимирович (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
- Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі №28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері.
ІІІ дәрежелі Айбын орденімен:
- Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
- Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
- Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері;
- Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы инженерлік оқ-дәрілер сақталатын әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Өрт салдарынан онға жуық жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ге жуық зардап шегуші ауруханаларға жатқызылды, оның 49-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 17 адамға жетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Сондай-ақ қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.
"Даму мен экологияны бір-біріне қарсы қоюға болмайды": Алматылықтарға болашақ Superski курортының маңызы түсіндірілді
Алматыда "Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу" бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр
"Макияж жасаса, күйеулері де ажырата алмайды": Егіз ағайындыға тұрмысқа шыққан егіз қыздар өмірлері туралы айтты
Екі отбасы “біздің өміріміз басқаларға қызық көрінуі мүмкін, бірақ біз үшін бұл қалыпты жағдай” дейді