Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық ұсқынсыздар: Жасөспірімдер желіден топ ашып, бір-бірін қорлап келген

Алматылық мектеп оқушыларын желіде әлдебіреулер балағаттап, қорқытып жүр. Жасөспірімдер «ұсқынсыз алматылықтар» және «бұл заманның қалдықтары» деген топ ашып алған. Олар сол топқа құрдастарының суретін жариялап, оларға қорлайтын пікірлер жазған.

Бұл мәселенің арты үлкен дауға ұласып, оған ақпарат және байланыс министрлігі араласуға тура келді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

14 жасар Әнел Жексебаева болашақ видеоблогер. Ол өз камерасына басынан өткен оқиғаларын баяндап, желіге жүктеп отырады. Кеше қыз желіден «ұсқынсыз алматылықтар» және «бұл заманның қалдықтары» тобына салып қойған өз суретін көрді. Қазір Анель өзіне жамандық ойлаған адамдарды іздестіруде.

«Мен үшін бұл жағымсыз жағдай болды. Өзімді қорланғандай сезінемін. Мені бұдан басқа сәнді киім киіп жүретіндерді салатын Almaty casual деген топқа қосқан. Ол топтағы суреттерге де балағат сөздер жазылған»,-дейді Әнел.

Бірнеше ай бойы жасөспірімдер өз құрдастарының суретін  «ұсқынсыз алматылықтар» және «бұл заманның қалдықтары» тобына салып, өздері жаман пікір қалдырып отырған. Алматы қалалық білім беру басқармасының хабарлауынша, олар қаладағы барлық мектептің оқушыларымен әңгімелескен. Бөлім мамандары топ құрушыларын іздестіріп жатыр. Олардың үстінен полициға шағымданбақшы.

Қорғаушылар осындап топ құрған басшылыққа қылмыстық жаза тағайындалады дейді. Оларға 12 миллион теңгеге дейін айыппұл  салу немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Жаман пікір жазғандар да «жала» және «қорлау» баптары үшін екі миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді. Егер заңды бұзушы кәмелеттік жасқа толмаған жағдайда, өтемақыны ата-аналары төлейді.

«Бұл өзіне-өзі қол жұмсауға апаратын бірін қадам. Олар тіпті осы топ мүшелерін қатігездікке үйретеді. Тексеруден кейін Ақпараттық және коммуникация министрлігі «Ұсқынсыз алматылықтар» тобын бұғаттап тастады.  Министрлік «ВКонтакте» интернет-ресурсының әкімшілік өкілдеріне ҚР аумағында осындай топтардың құруын шектеу туралы өтініш білдірді. Алайда, жасөспірімдер бұдан басқа да топтар ашып, құрдастарына зиян келтіруі мүмкін. Оларды тек ата-аналары ғана тоқтата алады. Балалардың жүрегіне жететіндей, ақылмен түсіндіргендері дұрыс»,-дейді психолог Раушан Карімова.

Жіберіп алмаңыз:

Жақында ұлы қайтыс болған тележүргізуші әкесі мен бауырынан да айырылды

Алматыда граната мен автомат ұстап жүрген жігіт сотта сөзден шатысып әрекетін түсіндіре алмады

Талқылау