Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім сыныптас қыздарының жалаңаш суреттерін жасанды интеллект көмегімен жасады деген күдікке ілінді

Фото: pixabay.com

Испаниядағы Валенсия қаласының 17 жастағы тұрғыны жасанды интеллект көмегімен сыныптас қыздардың жалаңаш бейнесі бар фото және видеоларды жасаған деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, жасөспірім жасанды интеллект көмегімен мектеп оқушыларының фейк контентін жасап, оны интернетте сатпақ болған. Қазірдің өзінде 15 қыз бұл әрекетке шағым түсіріп отыр.

Қылмыс туралы алғаш рет жәбірленуші қыздардың бірі білген. Ол желіден өзінің бейнесі бар видео көріп, артынша тағы бір аккаунтта дәл сондай дипфейкке тап болған. Қыз дереу полицияға жүгінген.

Тергеу барысында құқық қорғаушылар IP-мекенжайларды анықтап, екі аккаунт та бір электронды поштаға тіркелгенін анықтаған. Ол пошта күдіктіге тиесілі болып шықты. Полицейлер жәбірленушілердің сыныптастарын тексеріп, дипфейк жасаған оқушыны тапты.

Қазір бұл іс кәмелетке толмағандарды азғыру бабымен қозғалып, 2024 жылдың желтоқсан айынан бері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттың бақылауында тергеліп жатыр.


16 млн қазақстандықтың жеке дерегі медициналық ұйымдардан тараған болуы мүмкін – Премьер-министр Бектенов


Елімізде ChatGPT-ді пайдалануға тыйым салына ма – Министрлік жауап берді


Еске салайық, бұған дейін актер Шәріп Серік өзін Қуандық Бишімбаевпен бірге отыр деп көрсететін жасанды интеллект арқылы жасалған видео үшін арыз жазды. Бұл жағдайға танымал адвокат Джохар Өтебеков пікір білдіріп, видеода қылмыстық құқықбұзушылық жоқ екенін айтты. Ол видео қалжың түрінде жасалғанын және көпшілікке оның ЖИ арқылы дайындалғаны белгілі екенін алға тартты. Сонымен қатар адвокат видео авторын тегін қорғауға дайын екенін жеткізді.
 

Айым Атамбаева
Жексенбі, 03 Тамыз, 2025 10:33
Талқылау
`