Жасөспірім фастфуд салдарынан соқыр болып қала жаздады
Киан Мур соңғы 5 жыл ішінде тек тауық еті, майға қуырылған картоп, кока-кола сынды тағамдарды тұтынған. Осының салдарынан 14 жастағы жасөспірімнің көзінің көру қабілеті нашарлаған. Дәрігерлер қате диагноз қойып, Кианның өмірінің соңына дейін соқыр болып қалатындығын айтқан. Алайда білікті маман аурудың себебін тауып, жасөспірімді емдеп шықты.
Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.
Күнделікті тұтынатын тағамдарына бола Киан Мурдың көзі көрмей қала жаздады. Ал ол соңғы 5 жылда тек құрғақ нан, қуырылған картоп, тауық еті, кока-кола сынды тағамдарды тұтынған екен. Дәрігерлер жасөспірімге “жүйке жүйесі зақымдалған” деген диагноз қояды. Тіпті, Кианның көзі бұдан кейін ешқашан көрмейтіндігін айтады. Анасы дәрігерлердің бұл сөзімен келіспейді. Баласын түрлі маманға қаратамын деп әлемді шарлайды. “Күн сайын көзінің көру қабілеті нашарлай берді. Шынымызды айтсақ, біз қатты қорықтық”, – дейді анасы.
Бір күні Мур ханым АВС бағдарламасынан профессордың зағип балаларды емдеп шыққананын көреді. Бірден операторларға хабарласып, маманның мекен-жайын анықтайды. Артынша Сиднейге ұшып келеді. Аталған қалаға келген соң профессор Стефан Уотсонмен жолығады. Маман жасөспірімді жан-жақты зерттеп, Кианда А дәруменінің тапшы екенін анықтайды. Дәрігер оған А дәруменіне толы дәрілер мен көкөністердің тізімін береді.
Бастапқыда Мур ханым ұлына әлемде жоқ диагноз қойылады деп ойлаған екен. Алайда Уотсон мырза тек А дәруменінің жетіспейтіндігін айтқан. Әдетте адамдар осы дәруменнің тапшылығы салдарынан соқыр болып қалады. А дәрумені жетіспегендіктен, көздің беткі қабатында “Бито дағы” пайда болады. Әсіресе, Аустралия тұрғындарының көздерінің көру қабілеті нашар келеді.
Аустралия мен Жаңа Зеландияның қоғамдық денсаулықты сақтау ұйымының төрағасы Уотсон жас мамандардың диагноз қоюда көп қателесетінін айтқан. “Адамның соқыр болып қалуы жейтін тамағымен тікелей байланысты. Денсаулыққа пайдалы тағамдардың дәмсіз келетіні рас. Осының салдарынан балалар оларды тұтынудан бас тартады. Ал Киан 5 жыл қатарынан тек зиянды тамақты тұтынды десек те болады. Бізге жасушаларымызды қайта қалпына келтіріп отыру үшін А дәрумені өте қажет”, – дейді профессор Стефан Уотсон.
Бұдан былай Киан құрамында тек А дәрумені бар тағамдарды тұтынатын болды. Алайда оның оң көзі толықтай сауығып, сол көзі мәңгілікке зақымдалған. Қазір ол 16 жаста. Көкөністерді көбірек жейді. Достарымен бірге көңіл көтеріп, футбол ойнағанды ұнатады.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық әйелдер Анджелина Джолиға ұқсау үшін жаппай сырт келбеттерін өзгертуде
АҚШ дәрігерлері 13 айлық сиам егіздерді ажырату операциясын жасады (фото)
АҚШ-та тілі ересек адамдікіндей сәби туды (фото)
Қостанайлық дәрігерлер 6 жасар балаға не себепті сәтсіз ота жасалғанын түсіндірді