"Жасыру мүмкін емес": Aeka Posh көпшілікке күйеуін көрсетті
Екінші рет тұрмысқа шыққан блогер, визажист Aeka Posh лақап атымен танылған айым Алтынбекова күйеуінің кім екенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сән әлемінің аруының бірінші некесінен Дияр есімді ұлы бар. Екінші некесіндегі жұбайы, актер Шалқар Құдайберген болып шықты.
“Жылдар бойы аңсап күткен күніміз. Бәріне шүкір. Бұл естен кетпес күн болды", – деп жазды блогер қалыңдық.
Үйлену тойы өткен соң, Айым Алтынбекова көпшілікке жолдасын ресми түрде таныстырды. Бұған дейін сүйіктісін барынша жасырып келген блогер бұл жолы ғашығын оқырмандарына көрсетуді жөн көрген.
"Көрсететін уақыт келді. Себебі енді жасыру мүмкін емес болып кетті. Аллахым тіл көзден сақтап, ғұмырлы өмір берсін. Тек жақсы сөз болсын", – деп жазды сән әлемінің аруы.
Еске салайық, танымал блогер Aeka Posh-тың ұзатуындағы образы ел талқысына түскенін жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"