Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жасырын түрде тонау”: Депутаттар IT саласына бөлінген қаржының қайда кеткенін анықтады

Мәжілісте IT салсын дамытуға бөлінген қаражаттың тиімділігі туралы қызу талқы болды. Депутаттар инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдауға бөлінген миллиардтардың қайда жұмсалғанын анықтауға тырысты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Мәжіліс

Парламентарийлер Astana Hub технопаркінің басшылығы мен оның қаржылық есептілігіне күмән келтіріп, цифрлық даму министрлігінің өкілінен нақты түсініктеме талап етті.  

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев технопаркке берілген салық жеңілдіктері мен миллиардтаған қаражаттың қайтарымсыз жұмсалып жатқанын алға тартты.

“Миллиардтар бөлінді, салық жеңілдіктері берілді, мемлекеттік қолдау көрсетті. Технопарк шамамен 10 жыл бұрын құрылған. Бір Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңге ұрлады деп бүкіл Қазақстан шулап жатыр. Ал ұл жобаға қанша миллиард жұмсалды? Біз әлі күнге дейін жобаның өзін-өзі қамтамасыз ететін уақытын күтіе жүрміз", – деді Баққожаев.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы жылдары IT-саласы мен Astana Hub жобаларының экспорты он есеге өсіп, жалпы көлемі 500 миллиард теңгеге жеткен. Алайда бұл мәліметтер депутаттардың күмәнін сейілте алмады.  


Депутат Бапи Назарбаева мен "Ескі Қазақстанды" сағынғандарды тексеруге шақырды


Депутат Мұқаш Ескендіров те технопарк қызметінің адалдығына күмән келтірді

"Түсініксіз сандар көрсетілген. Astana Hub қанша қаражат тауып жатқанын, қаражатты қайда жұмсап жатқанын ешкім түсінбейді", – деді ол.  

Мәжіліс отырысында кейбір заңнамалық өзгерістерге қатысты да сын айтылды. Депутат Бақытжан Базарбек жаңа түзетулерді "жасырын тонауға" теңеп, бұл нормалардың болашақта үлкен мәселелер тудыруы мүмкін екенін ескертті.  

“Сіз қазір ақшаны еркін пайдалануға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық нормасын бекіткеніңізді түсінесіз бе? Бұл жасырын тонаудың бір түрі сияқты”, – деді ол.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин депутаттарды салық жеңілдіктерін қысқартпауға шақырды. Оның айтуынша, жеңілдіктер Қазақстанға халықаралық компанияларды тартуға мүмкіндік беріп отыр.

"Егер бұл өзгерістер қабылданса, шетелдік компаниялар Армения сияқты басқа елдерге кетуі мүмкін. Сондықтан сабярмен шыдауларыңызды сұраймын", – деп ескертті ол.  

Депутат Екатерина Смышляева инновациялық саланы дамыту мақсатында салық жеңілдіктері мен арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы әлемдік тәжірибе екенін атап өтті. Дегенмен, ол министрлікке IT-саланың Қазақстан экономикасына нақты әсерін бағалайтын әдістеме әзірлеуді ұсынды.  

Еске салсақ, мәжіліс депутаты Сергей Пономарев “Арт-спорт” және “Даму бала” бағдарламаларын сынға алды. 

Талқылау