“Жасыл көзім естен тандырады”: Баян Мақсатқызы жастық шағын есіне алды
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Продюсер Баян Мақсатқызы жас кезіндегі фотосын жүктеп, өмірлік ұстанымын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі кішкентай екі қызының суреттерін көрсеткеннен кейін желі қолданушылары кімге ұқсайтынын талдаған еді. Продюсерден оқырмандары "Балаларың неге сары?" деп сұрады. Жауап ретінде өнер иесі өзінің жас кезіндегі суретін жүктеген.
"Міне, бұл жерде менің жасым 16-да. Шашым жирен түстес, ал көздерім естен тандыратындай жасыл түсті", – деп жазды ол.
-
"Басқа кәсіпкерлер жалғастырсын": Баян Мақсатқызы күйеуінің бастамасына қолдау білдірген халыққа алғыс айтты
-
"Зиян шай шығарып, ұрпақты улап жатыр": Ахметбек Нұрсила кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке қарсы шықты
Одан кейін продюсер бала күнінен жеке өмірге араласқанды ұнатпайтынын жеткізді.
”Менің 8-cыныптағы суретім. Кеуде тұсымда "маған өмір сүруді үйретпеңдер" деген жазуы бар белгі тұр. Маған сол кезден өміріме мұрнын орынсыз сұққандар ұнамайтын", – деп жазды ол.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының жүзін көпшілікке көрсеткен еді.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
