"Жасыл даму" утильдік алым мөлшерлемесіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанда утильдік алым жинау құқығы "Жасыл даму" мемлекетті компаниясына берілген болатын. Компанияда утильдік алым мөлшерлемесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы мемлекеттік компанияға берілді. "ӨКМ Оператор" ЖШС жекеменшіктен мемлекет меншігіне өтті.
"Жасыл даму" АҚ бірінші кезекте мемлекеттік оператор қызметін қайта жандандыру үшін ұйымдастыру және заңдық шараларды қабылдауы керек.
Сонымен қатар барлық мөлшерлемелер қайта қарастырылғанша қазіргі утильдік алым өзгеріссіз қалады", - делінген компания мәлімдемесінде.
Кеше "ӨКМ Оператор" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылған болатын. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын "ЖАсыл даму" АҚ орындайды.
Айта кетейік, қазақстандық жүргізушілер утильдік алымның 100 мың теңгеден аспауын талап етіп, Президентке петиция жолдаған еді.