Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасанды суреттер: Эверестке шықтық деп өтірік айтқан жұп әлемге танылды (фото)

Әлем халқының мадағы мен мақтауына, атақ пен абыройға кенелгісі келген жұп ақырында сотталып тынды. Расында да бүкіл әлемге танылды, тек жаман атты болды.

photoshoppedeverestfeat-800x420

Динеш пен Таракешвари 2016 жылы Эверест шыңына «шыққан» суреттерін жариялап, Жердің ең биік нүктесін (8850 метр) бағындырған алғашқы үндістандық жұп екендерін мәлімдеген еді. Алайда жұбайлардың суреттерді қолдан жасап шыққандары анықталды. Ақырында Үндістанның Махараштра штатында полиция бөлімшесінің басшысы екі бірдей қызметкерін жұмыстан қуды.

«Біз әйелім екеуміз Эверестке шықпайынша балалы болмаймыз деп шештік. Енді мақтанышпен ата-ана бола аламыз», – деген болатын Динеш 2016 жылы Катмандуда өткен конференция барысында.

700-1

Өз жетістіктерін дәлелдеу мақсатында жұбайлар Эверестте түскен суреттерін көрсеткен еді. Бұл ретте Непалдың туристік департаменті жұбайларға шыңды бағындырғаны жөніндегі ресми сертификат табыстаған. Ал БАҚ құралдары бұл оқиғаны «жалпыұлттық жеңіске» балап, жарыса жазған еді.

Алайда арада бір ай өткеннен кейін Бангалор тұрғыны, альпинист Сатьяруп Сидхантха елге тараған суреттердің өзіне тиесілі екенін мәлімдеді.

CnP5U-3UMAAbuDO

«Олар менің суретімді алып, фотошоп арқылы өз беттерін қойып алған. Ол аздай, сертификат алыпты… Бұл заман қайда барады», – деп жазған болатын Сидхантха әлеуметтік желіде.

Аталған жазбадан кейін мамандар тексеріс жасап, альпинистердің шыңға шыққаны мен лагерьге келу уақытының арасы тым жақын екенін аңғарды.

Dinesh-Rathod

Тағы бір альпинист Сурендра Сельке Динеша пен Таракешваридің киімінен өзгешелік байқаған.

«Биікке шықпас бұрын Динешаның үстінде қызыл-қара түсті, ал Эверестте тұрған сәтте сарғылт түсті киім тұр. Шыңға шығу барысында киім ауыстыру мүмкін емес. Суреттердің лагерьдегі студияда жасалғанына 100% сенімдімін», — деп мәлімдеді ол.

rathods1

Ақырында жасанды суреттер сотта қаралды. Әрине, суретті қолдан жасағаны үшін ешкім түрмеге отырмайды. Алайда жұпқа ел аумағында альпинизммен 10 жыл бойы айналысуға тыйым салынды. Бұдан өзге, полицей болып жұмыс істеген жұбайлар қызметтен қуылды.

photoswrong1-561x700fb_1465286028_800x420

 

Жіберіп алмаңыз:

Аш қалған 40 мысық үй иесін жеп қойған

Әйелі көзіне шөп салған күйеуінің BMW көлігін темірмен қиратып тастады (видео)

Әлемдегі ең үлкен қазақ киіз үйі әуе шарымен аспанға көтерілді (фото, видео)

Үнемі сексуалдық қозуда жүретін 23 жастағы бойжеткен үйден шықпайтын болған

Талқылау