1 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Пәкістанмен сауда саласын дамытуды көздеді

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен кездесіп, бірнеше құжатқа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жол картасы жасалды.
“Біз сауда айналымын одан әрі арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауға келістік, жақын арада 1 миллиард долларға жетуді мақсат еттік. Елдер арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру үшін қолайлы орта жасаудың маңыздылығын атап өттік. Сауда ағындарын кеңейтуге бағытталған көлік және логистика жобаларына ерекше назар аударылады", – деді Тоқаев.
Барлығы 19 құжатқа қол қойылды.
- Тау-кен өнеркәсібі және геология ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- БҰҰ миссияларында бітімгерлік бөлімшесін (бөлімшелерін) бірлесіп өрістету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Экстрадициялау туралы шарт;
- Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Сауда министрлігі арасындағы транзиттік сауда туралы келісім;
- Кеден мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы келісім;
- Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Президенттің Іс басқармасы "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Associated Press of Pakistan (APP) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
- Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Пәкістан Ислам Республикасы Білім және кәсіби даярлық министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Мәдени-гуманитарлық ықпалдастық саласындағы ынтымақтастық бойынша 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Виртуальді активтерді реттеу агенттігі арасындағы цифрлық активтер саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Көлік министрлігі мен Карачи порты арасындағы ақпарат алмасу және кәсіби даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ мен National Logistics Corporation арасындағы логистика саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
Салтанаты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында бұдан бөлек, тағы 18 құжатқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды.
“Қазақстан президенті ретінде Пәкістанға бірінші рет мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Бұл сапар тарихи мәнге ие және уақыт тезінен өткен серіктестігіміздің маңызды кезеңі саналады. Мен бұған сенімдімін. Халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, Астана мен Исламабад екіжақты байланыстар мен ынтымақтастыққа тың серпін беретін мүмкіндікке ие.
Тоқаев Пәкістан премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ бүгінгі уағдаластықтардың жүзеге асырылуын пысықтау және екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың алдағы қадамдарын айқындау үшін мәртебелі мейманды биыл қарсы алуға дайын екенін жеткізді.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Пәкістанға мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған едік. Ол Пәкістан премьер-министрінің резиденциясына ағаш отырғызып, келіссөз жүргізді.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды