Жас жұбайларша тортты бір-біріне жегізіп, артынша сүйіскен қазақ ата мен әжей елді таңғалдырды (видео)
Қазақ ата мен әжей тортты бірге кесіп, бір-бір біріне жегізді. Олар жаңа жылмен қатар келген неке тойын осылай атап өтті.
Мұндай үрдіс әдетте жас жұбайлардың тойында болып жататыны белгілі. Ерлі-зайыптыларға балалары тортты кескізіп, бір біріне жегізуді сұрап жатыр.
“Жаңа жылыңмен. Неке түніңмен. Бәрі құтты болсын”, дейді ата тортты кесіп жатып. Олар тортты бір біріне жегізіп, артынша сүйісті. Балалаы қол шапалақтап, қошемет білдірді.
Желі қолданушыларының бірі оларға ұзақ өмір тілеп, құттықтап жатыр. Енді бірі егде жастағылардың мұндай ісі ерсі екенін айтып сөкті.
“Ұят нәрсе ғой, қалай әке-шешесін түсіріп, осылай жариялайды екен”, “Бала-шағасының көзінше маңдайынан сүйсе де болады”, “Бастысы махаббаттары әлі өшпеген. Бақытты жандар… Әлі де ұзақ өмір сүріп, бақытқа бөлене берсін”, – деп жазады желідегілер.
Тағы да оқыңыз:
Абай Бегейдің әзілі жұртты күлдірді (видео)
20 жастағы келіншек шашын бояймын деп адам танымастай күйге түсті (фото)