Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас жігіт тауда суға құлап қайтыс болды

Өткен демалыста Алматы қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Әбілбаев достарымен тауға шыққанда суға құлап қайтыс  болды. Жігіттің қаза болғаны туралы оның досы Қайрат Шалтақпаев Facebook парақшасында хабарлап, өкінішін білдірді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Абайсызда опат болған Нұрсұлтанның досы қайғылы оқиға туралы айтып берді.

Қайрат Шалтақбаевтың сөзіне қарағанда, үш жас жігіт тауға шығып адасып кетіп, абайсызда су қоймасына құлап кеткен. Нұрсұлтан судың төмен температурасын көтере алмай сол жерде көз жұмған. Оның жанындағы досы қатты аязда үсіп ауруханаға жеткізілді. Ал үшінші жігіт туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Әлеуметтік желілерде Нұрсұлтанның достары мен таныстары жігіттің парақшасына көңіл айтып хаттар қалдыруда. Олар өлген жігіттің өте мейірімді, ақкөңіл адам екенін айтып өтті.

«Нұрсұлтан үнемі тауларға қызығып, шыңдардың сұлулығына таңдана қарайтын. Ақыры сол сұлулық оны арамыздан алып кетті. Ол ағылшын тілін өте жақсы білетін, сондай-ақ үнемі шетелдік туристерге көмектесіп жүрді. Қашан көрсең де жымиып көңілді жүретін жігіт. Өкінішке орай ол енді  бізбен бірге болмайды. Осындай жақсы жандарды жоғалту өте ауыр. Отбасы мен достарына көңіл айтамын»,- деп жазды Қайрат Шалтақбаев.

Айта кетейік, Алматы қаласының ішкі істер департаменті тауға демалуға шыққан Нұрсұлтан Әбілбаевтың суға құлап мерт болғаны туралы ақпаратты растады. Жас жігітті қасақана өлтірмегені белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мұғалімді сабап тастаған

Павлодар облысында ішімдіке тойып алған зейнеткер ұлын пышақтап өлтірді

Ақтөбе облысында алты жасар баланың басына мұз құлап қайтыс болды

Шахтинскіде 17 жастағы бала жанып тұрған үйге кіріп,  досы мен оның құрбысын құтқарды

Талқылау