Жас жігіт өзіне опасыздық жасаған сүйіктісін жазалаудың ерекше әдісін тапты
Аргентиналық жігіт сүйіктісінің өзге жігітпен сүйісіп отырғанын көріп қалды.
Жігіт сүйіктісі бар кешке кездейсоқ тап болған. Осылайша құрбы қызының өзге жігітпен сүйісіп отырғанын көреді. Алайда еш таңғалмастан, оларға байқатпай бірге селфиге түсіп, желіге жариялайды.
«Менің сүйіктім «(бұрынғы) екеуміздің бір кешке келіп қалғанымызды байқамайтын сияқты» деп жазды.
Бұл сурет желіде кең тарап кетті. Бойжеткен де жігітімен айырылысқанын желідегі суретті көрген соң білген. Жас жігіт сүйіктісінің кешірім сұраған сөзін де желіге жариялады.
Бойжеткен мастықпен осындай әрекетке барғанын айтып ақталған. Оны әлі де сүйетінін айтқан. Алайда жігіті бұл сөздеріне сенген жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Танымал түрік актері өзінен 20 жас кіші қызға үйленді
Әнші жігіт сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп тамағына 33 сарымсақ тығындап өлтіріп алды
Тері түсі екі түрлі болып туған егіз қыздар көпшілікті таңдандырды (фото)