Жас жеңіл атлеттеріміз әлем чемпионатында өнер көрсетеді
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Перу астанасы Лимада жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Лима төрінде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз:
Жетісайыс:
Алина Чистякова, Ирина Конищева
110 метрге кедергілер арқылы жүгіру:
Богдан Гончаров
100 метрге кедергілер арқылы жүгіру:
Кристина Ермола
Биіктікке секіру:
Фаина Мейірманова
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты осымен 20-рет өткелі отыр.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

