Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас режиссер жүк көлігін қозғалмалы пәтер әрі жұмыс орны етіп жасап алды (фото)

Американдық жас режиссер Зак Бот (Zach Both) ескі жүк көлігін қалайша ыңғайлы мобильді баспанаға айналдырғанын айтып берді.

пәтер2

Бұл туралы imgur.com сайты жазған.

Режиссер қозғалмалы пәтерде тұруды бұрыннан қалап, жоспарлаған көрінеді. Шығармашылықтың адамы әр дүниеге деген көзқарасына, шабытына қозғалмалы әрі жайлы жұмыс орнының жағымды әсер береріне сенімді болған.

Бот бұл жүк көлігін 2000 жылы сатып алған. Сондан кейін фотошоп арқылы болашақ қозғалмалы үйінің жобасын сызып, көрінісі мен әр заттың орнын белгілеп алған. Расымен де араға бірнеше уақыт салып режиссердің өзі айтқандай қызыққан сызбадан асып түскен.

пәтер6

Ескі көлікті жаңа әрі ерекше үйге айналдырудың жұмысы көп болған. Бот ваккумдық тазалаудан бастап көліктің  жүк салатын орнындағы барлық қабырғасын бояп шыққан. Осыдан кейін барып жылу сақтап тұратын мақтамен қаптап шыққан.

пәтер9

Ескі көліктің тесілген, майысқан жерлерінің барлығын Бот жылу ұстап тұруға арналған көбікпен толтырған.

пәтер11

Зактың әкесі  ауа аламсып тұратын  жоғарыдағы есікті оюда оған көмек қолын созған.

пәтер5

Баспананың ішін әрлеуге Закка кливлендскі шіркеуінде тегін берілген ағаш тақтайшалар пайдаланылған.

пәтер3

Ал едендегі төсеніш қабаты ағаштың үстіне жайылған.  Американдықтың сөзінше  оның құрлысты орнымен жасауына YouTube желісіндегі видеолар жақсы көмектескен.

пәтер4

Ал көліктің ішіндегі жиһаздардың барлығы дерлік осындағы ашық жерге өлшеніп, арнайы кесілген. Мысалы жатын кереует пен жұмыс столының ағашын Зак өзі көліктің ішінде кесіп сол жерде құрастырған.

пәтер8

Көліктің артқы терезесіндегі перделер магнитпен жапсырылған. Зак оны ашу да, жабу да өте ыңғайлы деген өз сөзінде.

пәтер7

Жүк көлігіндегі әр бір затты бірнеше мақсатта бірден пайдалануға болады. Мысалы қоқыс шелегі әрі орындық. Ақ пердені Зак әрі  проректордың экраны етіп те пайдаланады. Ал тақтайдан жасалған столды түсіріп тамақтану, жұмыс істеу сынды бірнеше мақсатта пайдалануға болады, қажет емес болған кезше қабырғаға тақап жинап қйса да болады.

пәтер1

пәтер12

пәтер13

пәтер14

пәтер

 

Талқылау