Жас жүргізуші қыз бірнеше адамды қатарынан қағып кетті
Таразда темір тұлпар тізгіндеген жас қыз бірінен кейін бірін-бірнеше адамды қатарынан қағып кетті. Жиырма жастағы бір адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Кісі өлімімен аяқталған жағдай Тараз қаласының Аппаев көшесінде болған. Абай даңғылына бағыт алған «Тойота Корола» көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан адамды қағып кетеді. Артынша жол жиегінде тұрған тағы төрт адамды соғып барып әрең тоқтайды. Апат салдарынан арнайы жолақпен өтіп бара жатқан 20 жастағы бойжеткен №1 қалалық ауруханада қайтыс болған. Қалған төрт тұрғынның біреуі орташа жарақат алады. Жол апатына кінәлі жүргізуші 1994 жылғы қыз екені белгілі болды.
«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған жол көлік оқиғасы бойынша Тараз қалалық ішкі істер басқармасы анықтау бөлімімен ҚР ҚК 345 бабы үшінші тармақшасымен қылмыстық іс қозғалды», – дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО-да өзгенің көлігін ұрлап айдап кеткен жігіт жол апатына түсіп көз жұмды
Маңғыстау облысында бір отбасының 4 мүшесі жол апатынан қаза болды
Қарағанды облысында жол апатынан 17 адам жараланып ауруханаға түсті
Алматыда жол апатынан 4 адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды