Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында бір отбасының 4 мүшесі жол апатынан қаза болды

Маңғыстау облысы ІІД Жаңаөзен қалалық ІІБ криминалистері 4 жолаушының өліміне алып келген ірі жол апатының себебін тергеуге кірісті.

1470992433

Куәгерлер түсірген сурет

Кеше кешке «Жаңаөзен-Құланды» тас жолында Жаңаөзен қаласынан 10 шақырым жерде «Лада ВАЗ-2115» пен «Mitsubishi Pajero» джипі соқтығысты.

Апат салдарынан 1973 жылғы ер адам мен оның 1975 жылғы жұбайы, 2005  және 2006 жылғы екі баласы мерт болды.

Оқиға орнына жеткен қызметкерлер екі зардап шеккен адамды және екі адамның мүрдесін тапты. Оларды сол жердегілер қирап қалған көліктен шығара алмаған. Екі мүрде майысып қалған «Лада ВАЗ-2115» көлігінің ішінде болған, оларды көлікті кескеннен кейін барып алып шықты. Қаза болғандар саны 4-еу. Зардап шеккендер шұғыл медициналық көмек дәрінгерлеріне табыс етілді», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД-ның Өрт сөндіру және АҚЖ қызметі бастығының орынбасары Селімов.

Талқылау