Жас кезінде сүйіктісі Баян Есентаеваның көзіне шөп салған
2016 жылдың 10 маусымында болған оқиғадан кейін Баян Есентаеваның жеке өмірі жалпақ жұртқа жария болды. Оның өз сөзімен айтқанда, жеке өмірі жеке болудан қалды. Ел арасында түрлі әңгіме өрбіген соң, танымал продюсер күйеуіне опасыздық жасағанын, сол үшін жазасын алғанын ашық түрде мойындады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Headliner бағдарламасының хабарлауынша, сүйіктісінің сатқындығын кезінде Есентаеваның өзі де көрген. Бұл туралы Есентаева 2015 жылдың соңында Алматы жастарымен кездесу барысында айтқан.
“Ол кезде Оралда едім. Бір күні жақсы көретін азаматым: «Баян, кешір, мен басқа адамды сүйіп қалдым» деген кезде оған бар ашумен: «Сен осы айтқаныңа өкінесің, енді мені тек теледидардан көресің» дедім де, ертесіне билет алып, пойызбен Алматыға шығып кеттім”, – деп ағынан жарылды продюсер.
Сүйіктісінен кек алу мақсатында ару қала Алматыдан бір-ақ шыққан Баян Мақсатқызы одан кейінгі уақытын “Қазақфильм” киностудиясының есігін торуылдаумен өткізген. Ондағы бар ойы кино түсірушілердің көзіне түсіп, арманына қол жеткізу болған.
“Бір қызығы мен алдын ала жоспарлап қойғанымдай оқиғаға тап болдым. 61-автобусқа отырып, сақалды, денелі келген режиссер көмекшісінің маған ұсыныс жасайтынын елестететінмін. Осылай 2 апта бойы Қазақфильмнің алдында жүргенімде бір күні мен елестеткендей азамат: “Киноға түскіңіз келмей ме?” деп ұсыныс тастады. Мен әй-шәй жоқ “иә” дедім. Маған керегі де сол еді. Фильмнің қандай болатынын, кімнің түсіретінін, тіпті, кімнің рөлінде ойнайтынымды сұрамадым. Ойланбастан “әрине” дедім. Себебі маған бәрібір болатын”, – дейді Баян Есентаева.
Иә, дәл осы ұсынысты қабылдағаннан кейін Баянның бағы жанды.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан болашақ күйеуіне “ырбыңдамай тез келуді” бұйырды
Ділназ Ахмадиеваның купальникпен түскен суреті желіні шулатты
Алмас Кішкенбаев өзін Баян Есентаевадан төмен көрген желі оқырманына жауап берді