Жас дизайнер әйелдер қауымын ұлттық нақыштағы киімдерді киюге шақырды (фото)
Жас дизайнер Ақбота Қалел “Этнос біздің ішімізде” атты ұлттық нақышта көмкерілген киімдер топтамасын ұсынды.
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Ол әдеттегі түс палитраларынан бас тартып, мүлде басқа реңк пен көркемдік беруге тырысқан.
Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің түлегі Ақбота Қалел қазақтың ұлттық киімдерінің тарихымен терең танысқан. Ол әрбір қыздың киім ілгішінде этно стилде тігілген киімдер болуы тиіс деген пікірде. Сән бір орында тұрақтап қалмайтындығы себепті, Ақбота көне дәстүрлі стиль мен заманауи фэшн үлгілерді біріктірген киімдер жүйесін ұсынды. Ол әр киімді түрлі оюлармен және асыл тастармен безендірген.
Топтаманы алдағы уақытта үлкен табыстар күтіп тұрғаны сөзсіз.
“Бұл сәннен шығып қалмайды әрі өзектілігін жоймайды. Оған уақыт билігін жүргізе алмайды. Егер сіз стилді, кербез, сұлу көрінгіңіз келсе ұлттық ерекшелікпен көмкерілген көйлек, бешпет киініңіз. Сеніңіз кез-келген кештің жұлдызы бола аласыз”, – дейді Ақбота.