Жас аруды жар етті: Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерді (видео)
Осыдан үш жыл бұрын жұбайынан айырылып қалған қазақ эстрадасының танымал әншісі Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерді. Халық сүйіп сыңдайтын әншінің үйлену тойындағы суреттер мен видеолар әлеуметтік желіде жарияланып, қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Әншіні бүгінгі қуанышымен құттаған Олжас Еспанов желідегі парақшасына тойдың видеосын жүктей қалғаны сол еді, оқырмандар әдеттегідей мұндай жаңалықты назардан тыс қалдырмады.
Біреулері әншіге құтты болсын айтып жатса, басқалары жас әйел алған Абай Бегейді той жасауға ұялмайма деп сынға алды.
“Құтты болсын! Балаларыңа жанашыр жар болсын! Бақытты болыңдар. Қазақтың əдемі қызы екен, бақыт тілеймін. Ел не десе, о десін сіз бақытты болуға лайықсыз”,- деген тілектер жазылған.
Бірақ кейбіреулері жарының қолынан ұстап шықпай, ұялы телефонынан көз алмаған әншіні сынап тастады.
Тағы оқыңыз:
Абай Бегей: Қыздарым шетелдік азаматқа тұрмысқа шықса, аяқ-қолдарын сындырамын
“Бөтен адамдар құсап шыққандары бір түрлі ғой. Абайға бәрібір сияқты, қолынан да ұстаған жоқ қалай болса солай. Ыңғайсыз болыпты, менің өзім қарауға ұялып кеттім. Жай ғана неке қидыра салуға болмас па еді, той жасамаса да болар еді ғой. Неге алдына шығып алып, қашқақтап жүр”,-деді тағы басқалары.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.