Жарты денесі жоқ азамат табандылығының арқасында акробатқа айналды (видео)
Бұл – Short Dangerously лақап атымен өнер көрсететін цирк әртісі. Ол жарты денесінің жоқ болғанына қарамастан, акробатқа айналған нағыз қайратты жан. Оның әр көрсетіліміне жүзмыңдаған адамдар жиналады.
Бұл туралы Day.Az-қа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Мүмкіндігі шектеулі акробат қазіргі таңда бүкіл әлемді аралап, гастрөлдетіп жүр.
АҚШ-тың Флорида штатында тұратын бұл азамат небәрі 2 жасында қос аяғынан айырылған. Есейе келе әртіс болуды қалаған жігіт екі қолының бар мүмкіндігін пайдалануды үйренген. Ол мүгедек болғанына қарамастан, адам айтса сенгісіз трюктар жасайды.
Мәселен, Short Dangerously сынған шыны үстінен екі қолымен жүре алады. Мұндай трюкті аяқ-қолы сау әртістердің өзі жасауға жүрексінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Пысық жігіт бір жыл бойы ұшақ тамағын тегін ішіп келген
Instagram көптен күткен мүмкіндікті іске қосты
Пәкістанда басын 180 градусқа бұра алатын бала табылды (видео)
56 жастағы әйел алғаш рет ана атанып егіз сәбиді өмірге әкелді