Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарлықтың жобасы бір күнде әзірленген: Жасанды интеллект министрлігі цифрлық даму министрлігінің негізінде құрылады

компьютерФото: reads.alibaba.com

Президент ұсынған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің негізінде құрылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Ал инновациялық саясат жөніндегі функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі. Жарлықтың жобасы әзірленді, мемлекеттік органдардың келісуінде жатыр", – деді министр Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр Цифрлық кодекске тоқталып, қазір құжат мәжілісте қаралып жатқанын айтты.

"Оны пысықтау мәжіліс жанынан құрылған құзыреттер орталығының негізінде жүргізілуде. Кодекс жобасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде GitHub сайтында жарияланады. Құжат мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданады", – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол "Alatau City" қаласына қатысты цифрлық жобалары жайлы айтты.

"Alatau City" цифрлық қаласы бойынша жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, Smart City архитектурасы әзірленеді, сондай-ақ оның экожүйесінде криптовалютаны пайдалану үшін қажет НҚА дайындалады”, – деді министр.

Министрдің айтуынша, Реттеуші интеллект орталығына суперкомпьютердің қуаты мен ИИ ұлттық платформасына қолжетімділік қарастырылған.

Мәдиев сондай-ақ Digital Qazaqstan стратегиясы аясында ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

"Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 72 саланы қамтитын цифрлық трансформацияның 19 картасы жасалды", – деді ол.

Естеріңізге салайық, 8 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында елімізде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 11:42
Талқылау