Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Демек жариялауға негіз болмаған": Ұлттық банк төрағасы неліктен декларация тапсырмағанын айтты

Фото: Видеодан скрин

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өзінің табысы туралы декларацияны неліктен жарияламағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер декларацияны өздері жарияламайды. Мұндай мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысады дейді.

“Өзім және орынбасарларым декларациясын өткен жылдың қыркүйек айында тиісті органдарға тапсырды. Декларация менің жеке құжатым емес. Бұл Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетіне тиесілі. Біз тек оған өз мәліметтерімізді енгіземіз. Ал оны жариялауды тиісті органдар шешеді”, – деді ол.

Ұлттық банк басшысы декларацияны шенеуніктер өздері жарияламайтынын тағы да айтты. Оның айтуынша, бұл Салық кодексі мен мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


Ең көбі 528 миллион теңге: Қазақстандық депутаттардың табыс декларациялары жарияланды


Үш жылда 805 миллион теңге: "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы табысын декларациялады


Жариялануға тиіс деректерге қойылатын нақты талаптар бар. Егер жариялануға тиіс деректер болмаса, онда декларация да жарияланбайды”, – деді Сүлейменов.

Сонымен қатар ол декларация тек жариялануға тиіс табыс немесе мүлік болған жағдайда ғана жарияланатынын түсіндірді.

“Декларация тиісті органдарға тапсырылды. Олар оны тексеріп, онда жариялануға тиіс табыс, мүлік немесе басқа да деректер бар-жоғын анықтады. Осыдан кейін декларация жариялануы керек пе, жоқ па деген шешім қабылданады. Мен декларациямды тапсырдым және оның мазмұны үшін толық жауапкершілік аламын. Егер тиісті органдар жариялау қажет емес деп шешсе, демек оған негіз болмаған”, – деді Сүлейменов.

Еске салсақ, бұған дейін шенеуніктер арасында алғашқылардың бірі болып ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2024 жылғы табысы туралы мәліметтерді жариялаған еді. Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықовамен бірге жалпы табысы 88 678 984 теңге болған.

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 06 Наурыз, 2026 13:43